• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 15:05

Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

260 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында білім беру гранттарының жалпы санының 60%-ы инженерлік және техникалық бағыттар бойынша бөлінген. Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 99%-ға игерілген.Министрлік мәліметінше, биыл «Серпін» бағдарламасы халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары арасында үлкен қызығушылық тудырған. Конкурс нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам грант иегері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алатын болады. Жалпы «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында биыл 77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелдік жетекші университеттермен серіктестікте жұмыс істейтін 20-ға жуық жоғары оқу орны студенттерді қабылдай бастады. Бұл – Қазақстанды өңірлік білім хабы ретінде қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық өтініш қабылданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп.Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарға жататын балалар үшін заңнамада белгіленген квоталар сақталады.Дарынды жастарды қолдау мақсатында конкурссыз берілетін гранттар да қарастырылған. Олар халықаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына беріледі.Бұдан бөлек, министрлік жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған қосымша тетіктерді енгізді.Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 5 жасар балаға есепшот ашу кезінде бастапқы білім беру капиталын төлеуді көздейтін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар бұл жүйе барлық салымшыларға мемлекеттік сыйақы мен екінші деңгейлі банктер мен сақтандыру компанияларының сыйақысын төлеуді қарастырады. «Келешек» жүйесі бойынша жиналған қаражатты «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражатымен біріктіруге болады.2024 жылы алғаш рет оқуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін жабатын сараланған гранттар тағайындалды, қалған соманы иегерлер өз қаражаттары есебінен немесе жеңілдетілген оқу несиесі арқылы төлей алады. 2025 жылы сараланған гранттар саны 300 грантты құрайды. Сараланған гранттар бойынша конкурс осы жылдың қыркүйек айында өтеді.Алғаш рет мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан азаматтар үшін 2 010 білім беру гранты бөлінді. Бұл шара әскери қызметін өтеп болған соң әскери қызметшілердің әлеуметтік бейімделуін қолдауға және жоғары білім алуға тең мүмкіндік беру мақсатында қолға алынды.Грант иегерлері тізімін мына жерден жүктеп алуға болады.Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.