• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:46

Қызылсай-Шымкент өткелінде автокөлік пен тепловоз соқтығысты

20 рет
көрсетілді

8 тамызда сағат 04:30-да Қызылсай-Шымкент аралығының күзетілетін теміржол өткелінде HOWO автокөлігі маневрлік тепловозбен соқтығысқан, оқиға – пойыздардың жүру кестесіне әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жақындап келе жатқан жылжымалы құрам алдында өткелге шығып, жол ережесін бұзған.

Ешкім қаза таппаған. Жүргізуші ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасы қозғалыс кестесіне әсер етіп, үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылған. 07:18-де учаскедегі қозғалыс толықтай қалпына келтірілген.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде аса сақ болуға шақырады. Ережелерді бұзу тек материалдық зиян келтіріп қана қоймай, өмір мен денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.