• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Есірткі Бүгін, 12:56

Атырауда 7 баланың әкесі есірткі тұтынғаны үшін айыпталды

80 рет
көрсетілді

Сағыз ауылында тұратын Б.-ға марихуана тұтынғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігімен айып тағылған. Бұл іс Қызылқоға аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азамат Б. Сағыз станциясындағы теміржолшылар демалыс орнында қылмыстық есірткі затын медициналық емес мақсатта тұтынған. Сот отырысында Б. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындады. Ол есірткіні 20 күн бұрын жолдан тауып алғанын айтты», деп хабарлады аудандық соттан.

Айыпталушы отбасының жалғыз асыраушысы екенін, 7 баласы барын айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот қаулысымен Б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде 110 мың 96 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.