• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 10:46

Қазақстанда мал басы көбейген

40 рет
көрсетілді

Осы жылдың алғашқы 6 айында еліміздегі мал саны тұрақты түрде көбейген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ірі қара мал саны 8,8 миллионға жеткен (+8,3%), оның ішінде сиыр  - 4,5 млн (+16,3%), бұзау  - 2,7 млн. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға көп. Ұсақ мал  0,8%-ға өсіп, 21,5 миллионды құраған.  7,6 млн қозы алынған (+4,8%). Жылқы саны 4,7%-ға артып, 4,7 миллионға, құлын басы 1 миллионға жеткен  (+8,1%).

Қаңтар–маусым айларында 529,9 мың тонна ет өндірілген (+1,5%), оның ішінде: сиыр еті — 182,3 мың тонна, қой еті — 56,4 мың тонна, жылқы еті — 69,3 мың тонна.

Ал министрлік ет бағасының өсуіне коммуналдық қызметтер, энергия ресурстары, жем-шөп пен жанар-жағармайдың қымбаттауы, сондай-ақ жоғары экспорттық сұраныс әсер еткенін мәлімдеп отыр. 

Ішкі нарықты қорғау мақсатында тірі малды әкетуге уақытша шектеулер енгізіліп, ет өнімдерін экспорттауға бақылау шаралары күшейтілген.10 қазанға дейін ІҚМ мен ҰМ аналық малын сыртқа әкетуге тыйым салу шарасы әлі де күшінде. Сондай-ақ, 2025 жылдың 15 мамырынан 15 тамызға дейін ІҚМ бұқаларын әкетуге тыйым енгізілген болатын. Бұл шара 16 тамыздан 30 қазанға дейін ұзартылған.

Сонымен қатар, қаңтар–мамыр аралығында ет экспорты артқан. Осы кезеңде сиыр еті экспорты 12,3 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе өскен. Қой еті экспорты — 9,2 мың тонна, өсім 2,6 есеге жеткен.