• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Абай Бүгін, 13:00

Ақтау қаласында Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

30 рет
көрсетілді

10 тамыз – ұлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Ақтау қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов, ардагерлер, маслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысқан іс-шарада ақын шығармашылығынан өлеңдер оқылды, ұлы ойшылдың қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан айрықша үлесі еске алынып, шығармалары мен өсиеттерінің өзектілігі аталып өтті.

«Абай Құнанбайұлы – ұлттың рухани темірқазығы. Оның еңбектері мен өсиеттері уақыт өткен сайын құндылығын арттыра береді. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл – тағылым мен тәрбие мектебі», деді Жазушылар одағының Маңғыстау облысы бойынша төрағасы Сұлтанбек Құдайберген.