• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Кеше

АҚШ Қытайға Ресей мұнайы үшін салық салуы мүмкін

60 рет
көрсетілді

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Ресейден мұнай алғаны үшін Қытайға қосымша баж салығы салынуы ықтимал екенін айтты. Fox News хабарлауынша, шешім әлі қабылданбаған, бірақ президент Дональд Трамп бұл мәселені қарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Вэнстің сөзінше, Трамп Украинадағы соғысты АҚШ қаржысымен жалғастырғысы келмейді, бірақ Еуропа қару сатып алса, оған қарсы емес. Тамыздың басында АҚШ сенатының комитеті Украинаға 1 млрд доллар көмек бөлуді мақұлдады.

Financial Times дерегінше, ЕО елдері Путин мен Трамптың 15 тамыздағы Аляскадағы кездесуіне дейін Мәскеуге қысымды күшейтуді ұсынуда. Брюссель бұғатталған ресейлік 195 млрд еуроны Украинаға беруді де қарастырып отыр.