• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:36

Атырау облысында 67 адам қару сақтау талабын бұзған

40 рет
көрсетілді

Атырау облысында атыс қаруының заңсыз айналымына қатысты 280-нен астам құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Ерболат Жүсіпқалиевтің айтуынша, қару айналымына бақылауды күшейту қажеттігі туындап отыр.

«Атыс қаруының заңсыз айналымының алдын алу, азаматтық қару иелерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында «Мерген», «Қару» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Полиция қызметкерлері қарудың заңсыз айналымын анықтау, сатып алу, тасымалдау арналарына тосқауыл қою, тіркелген қаруды сақтау, пайдалану тәртібін тексерді. Атыс қаруын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау және өткізуге қатысты 13, азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзғандарға байланысты 201 дерек анықталды. Қаруды тіркеу, қайта тіркеу және есепке қою тәртібін бұзған 67 адам тіркелді. Бұл қару айналымы саласындағы бақылауды күшейту қажеттігін көрсетіп отыр», деп мәлім етті Е.Жүсіпқалиев.