• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Кеше

Астанада құрылыс нысандарына рейд жүргізілді

10 рет
көрсетілді

Елордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында құрылыс нысандары бойынша рейд өтті. Іс-шара Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Полиция департаменті және аудандық әкімдіктермен бірлесіп ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Басты мақсат – қалалық ортада тәртіп орнату, рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің алдын алу және барлық ұйымның Экологиялық кодекс талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.

Тексеру барысында бірқатар құрылыс нысаны, оның ішінде салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің аумағы қаралып, кейбірінде заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары кезінде бетон қалдықтарын тыйым салынған орынға төгу, құрылыс көліктерінің доңғалақтарын жуатын құрал-жабдықтың болмауы, қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастау фактілері тіркелді. Құрылыс нысандарының жауапты қызметкерлеріне айыппұл салынды.

– Кей компанияларда құрылыс қалдықтарын шығару бойынша келісімшарттың жоқ екені белгілі болды. Мұндай жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес мәселені шешу үшін уақыт беріледі, – деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының өкілі.

Қабылданған шаралар заңсыз қоқыс үйінділерін азайтуға, бизнестің экологиялық мәдениетін арттыруға және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.