Жапон ғалымдары табиғи апаттарда, барлау жұмыстарында, қираған ғимараттарды тексеруде, адам мен техникаға қауіпті ортада қолданылатын тарақан-киборг жасап шығарды.
Тарақан-киборгтің арқасына шағын рюкзак электроникасы орнатылып, қозғалысын басқару үшін денесіне электродтар енгізілген. Мұндай жәндіктер энергияны тиімді пайдаланып, ұзақ уақыт жұмыс істей алады. Олар әрекет еткенде үйінділерді, жету қиын жерлерді дрондардан жылдам әрі дәл зерттей алады. Ғалымдар кибер-тарақандарды түрлі төтенше жағдайларда, барлау іс-шараларында кеңінен қолдануды жоспарлап отыр.