• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 08:48

Қайтарылған активтердің қайыры

60 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайтарылған активтер қаражаты есебінен елімізде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдар салу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

Өңірде барлығы 21 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі – Семей қаласында. Сумен қамту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды. Атап айтқанда, облыстың Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жаб­дықтау желілері жүргізіледі.

Бұл жобаларды жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырма­лары­на сәйкес инфрақұрылымды жаң­ғыртуға бағытталған. Нысан­дар­ды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министр­лігінің деректеріне сәйкес, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу Семей қаласында 95,5%-ды, Абай облы­сының ауылдарында 95%-ды құрайды.