• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 18:54

Университетте қысқа мерзімді курстар өткізуге уағдаласты

30 рет
көрсетілді

Болашақта еліміздегі университеттерде бизнес өкілдерін оқытатын курстар ашылуы мүмкін. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Даму» қоры ортақ меморандумға отырды. Бұл келісім аясында тараптар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында қысқа мерзімді курстар өткізуді және кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға уағдаласты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту және бизнесмендердің кәсіби өсуі саласында бірлескен жұмыс туралы екі жақты меморандумға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев қол қойды.

Кездесу барысында тараптар курс нарықтың нақты қажеттіліктеріне бейімделіп, қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге бағдарланады, ал оқыту басқарушылық дағдыларды дамытуға және бизнес өкілдерінің іскерлік біліктілігі мен қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп келісті. Құжат тараптардың кәсіпкерлікті қолдауға және елдің экономикалық өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ұзақ мерзімді және нәтижелі әріптестікке ұмтылысын растайды.

Министр С.Нұрбек отырыста еліміздегі жоғары оқу орындарында білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған шаралар туралы кеңінен ақпарат беріп, білім беру бағдарламалары мен курстарын жүзеге асыруды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Фархат Сәрсекеев өз сөзінде «Даму» қоры бизнесті, әсіресе өңірлерде қолдаудың білім беру құралдарын кеңейтуге мүдделі екенін және университеттермен ынтымақтастықты Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың стратегиялық бағыты ретінде қарастыратынын атап өтті.