• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

«Электрбақташы» ЖКО-дан қорғайды

30 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Аралағаш ауылының тұрғыны Қайырлы Балғожин ауласындағы қара малына арнап «электрбақташы» орнатты, деп жазады Egemen.kz.

Ауылға бөлінген мал өрісіндегі өзіне бөлінген аумаққа орнатылған «электрбақташы» қара малдың жолдың үстіне шығып кетуіне мұрсат бермейді. Электр өрісі жүргізілген сымдар сиыр жақындап кетсе болды шағын кернеулі токпен ұрып жіберіп, кейін қашуға мәжбүр етеді.

Жалпы бұл жерде «Астана-Петропавл» ұзын жолының үстіне шығып кеткен малдар үнемі жол-көлік оқиғасын тудыратын. Биылғы жыл басынан бері ғана сондай 7 ЖКО болып, 9 адам зардап шеккен. Енді Қ.Балғожиннің сиырлары үлкен жолға шыға алмайды.

Солтүстік Қазақстан облысы