• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 10:06

Қонаевта чемпиондар мен жастар бір алаңда жаттықты

20 рет
көрсетілді

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ұйымдастырған «Чемпиондық Рух» жобасы аясында ашық спорттық жаттығу өтті. Жаттығуға 150-ге жуық жас пен Олимпиада және әлем чемпиондары қатысты. Шараның мақсаты – жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және чемпиондардың тәжірибесін жас буынмен бөлісу, деп хабарлайды Egemen.kz.

Б.Соқпақбаев атындағы Орталық саябақта өткен жаттығуға грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, бокстан Азия және әлемдік деңгейдегі жүлдегерлер, биатлон, садақ ату, джиу-джитсу, байдарка мен каноэ чемпиондары бар.

Чемпиондар жастарға қимыл-қозғалыс техникасын көрсетіп қана қоймай, кәсіби спорттағы тәртіп пен еңбекқорлықтың рөлін түсіндірді.

«Бүгінгі ашық жаттығуға 150-ге жуық жас қатысты. Бір сағат бойы біз негізгі дайындық жаттығуларын жасап, тәжірибе алмастық. Қатысушылардың арасында кәсіби спортпен айналысатындар да, алғаш рет мұндай шараға келгендер де болды. Мұндай жобалар жастарды спортқа баулип қана қоймай, оларды жаман әдеттерден алыстатады. Бұл бастаманы жүзеге асыруға «AMANAT» партиясының қолдауы зор үлес қосты. Соңғы жылдары партия облыста ондаған спорт нысанын ашып, жастар жобаларын тұрақты түрде қолдап келеді. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында өңірімізден жаңа чемпиондар шығатынына сенімдімін», – деді Демеу Жадыраев.

Жаттығу барысында қатысушылар чемпиондармен иық тірестіріп, түрлі дене шынықтыру жаттығуларын орындады. Әр қимылдың дұрыс жасалуына мән беріліп, қатысушыларға жеке кеңестер берілді.

Шара соңында қатысушылар чемпиондармен естелік суретке түсіп, еркін әңгімелесті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Чемпиондық Рух» жобасы жыл соңына дейін бірнеше өңірде жалғасып, мыңдаған жасты қамтитын болады.

Алматы облысы