• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 11:22

Биылғы оқу жылында оқушылар неше күн демалады

30 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың қорытынды аттестациясын өткізу мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.

1–11 (12) сыныптар үшін оқу мен каникул ұзақтығы келесідей:

1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күнтізбелік күн (2025 жылғы 27 қазаннан 2 қарашаға дейін);

2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы каникул – 10 күнтізбелік күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін);

3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі каникул – 11 күнтізбелік күн (2026 жылғы 19 наурыздан 29 наурызға дейін);

1-сыныптар үшін қосымша каникул қарастырылған – 7 күнтізбелік күн (2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанға дейін);

4-тоқсан – 8 оқу аптасы.

Қорытынды аттестация өткізу мерзімдері келесідей:

9-сынып (10-сынып) оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді; 11-сынып (12-сынып) оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өткізіледі.

Сондай-ақ 9-сынып (10-сынып) оқушылары үшін емтихан өткізу мерзімдері бекітілді:

Математика (алгебра) пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамыр

Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тіліне сәйкес), шетел тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 3 маусым;

Қазақ тілі/орыс тілі және ана тілі бойынша жазбаша емтихан (ұйғыр, тәжік, өзбек тілдерінде оқытатын мектептер үшін — оқыту тілі бойынша эссе түрінде; гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер үшін — мақала, әңгіме, эссе түрінде жазбаша жұмыс) – 2026 жылғы 8 маусым;

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан (орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын сыныптар үшін) және орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан (қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін) – 2026 жылғы 11 маусымда өтеді.

11-сынып (12-сынып) оқушылары үшін:

Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан – 2026 жылғы 2 маусым;

Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 5 маусым;

Қазақ тілі/орыс тілі және ана тілі пәнінен жазбаша емтихан (ұйғыр, тәжік, өзбек тілдерінде оқытатын мектеп/сыныптар үшін — оқыту тілі бойынша) – 2026 жылғы 9 маусым;

Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тіліне сәйкес), шетел тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 12 маусым;

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан (өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілінде оқытатын мектеп/сыныптар үшін) және орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан (қазақ тілінде оқытатын мектеп/сыныптар үшін) – 2026 жылғы 15 маусымда өтеді. 

Бұл бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді.