• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Прокурор АМӨЗ-дің бұрынғы бас директорына қатысты айыптауды қолдаудан бас тартты

40 рет
көрсетілді

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында бірінші сатыдағы тәртіппен «АМӨЗ» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.

«Тергеу органы Досмұратовты салғырттық, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адамның өз міндеттерін қызметіне адал қарамауы салдарынан тиісінше орындамауы, абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соқтырғаны үшін айыптады. Сот жарыссөзінде прокурор мемлекеттік айыптауды қолдаудан бас тартып, айыптау сот талқылауында дәлелденбегенін және сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы анықталмағанын көрсетті», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қылмсытық-проуессуалдық кодексінің 35-бабының 7,8-бөлігіне сәйкес прокурор айыптаудан бас тартқан жағдайда қылмыстық іс тоқтатылуға жатады.

«Прокурордың мемлекеттік айыптауды қолдаудан бас тартуына, Досмұратовтың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Досмұратовқа қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу және оңалту құқығы түсіндірілді», деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметі.