• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 17:10

Еліміздің басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, қатты жел тұрады

20 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 16, 17 және 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алдағы үш күнде елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, ҚР орталығында нөсер жаңбыр жауады, елдің батыс жартысында температураның көтерілуі, республиканың шығыс жартысында температураның төмендеуі күтіледі.

«Солтүстік-Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа-райына әсер етеді, онымен солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, ҚР орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ және қатты жел соғады», делінген хабарламада. 

Тек оңтүстік-батыста, 17-18 тамызда батысында, 18 тамызда республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

«Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжануда, түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болуы мүмкін», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.