XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген итальян кардиналы Джузеппе Меццофанти – адамзат тарихындағы ең атақты полиглоттың бірі.
Ол Италиядан шықпай-ақ 39 тілде еркін сөйлеп, одан көп тілді түсінген. Бірде Меццофанти небәрі бір түннің ішінде жаңа тілді үйреніп алған. Мұндағы мақсаты – келесі күні өлім жазасына кесілген бір шетелдік қылмыскердің ақтық сөзін тыңдап, түсіну еді. Оның бұл әрекеті – жай ғана тіл үйренудегі ғажайып қабілет емес, адамның жанашырлығы мен мейірімінің айқын көрінісі.