Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев теміржол локомотивтері паркін жаңарту туралы айтты. Бүгінгі таңда елімізде 1,9 мың локомотив бар, деп жазады Egemen.kz.
Сондай-ақ министр жүк операторлары 7 мыңнан астам жаңа вагон сатып алуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Қазақстанда 300-ден астам теміржол операторы жұмыс істейді. Олардың қол астында 142 мың жүк вагоны бар. Бұл қазіргі жүк тасымалының қажеттілігін толық қамтиды.Оның ішіндегі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының үлесі – 41%. Нұрлан Сауранбаев вагондар әлеуметтік маңызы бар бағыттарда да белсенді қолданылатынын атап өтті.«2029 жылға дейін жүк операторлары тарапынан 7 мыңнан астам жаңа вагондар сатып алынады. Бұл жүк тасымалының өсіп келе жатқан әлеуетін сақтап, дамытуға мүмкіндік береді», деді ол.