Осы отбасылардағы 259,7 мың адамды қамтитын төлемнің бұл түріне бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК шеңберінде табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындалады.Сондай-ақ табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беріледі. Осы жылдың 1 тамызына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 80,3 мың балаға 2,4 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалған.
Көмек жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға қолғабыс етуді көздейді.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.