• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Поэзия Бүгін, 15:20

Бүгін – халықаралық ақындар күні

40 рет
көрсетілді

Ең бірінші жаралған – Сөз дейді қасиетті кітаптарда. Адамзат сөзді өнерге айналдырған сәттен бастап дүние дидарында ақындар пайда болды. Олар адам сезімдерінің терең қатпарына үңіліп, халыққа эстетикалық ләззат сыйлайды. Ал бұл өмір мазмұнын танудың бірден бір жолы. Сол себепті қадым заманнан бері ақындар қауымы ерекше жаратылған жандар болып есептеледі. Бүгін дәл осы құсни сөз шеберлерінің мерекесі, яғни халықаралық ақындар күні аталып өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Бұл мереке ЮНЕСКО тарапынан 1999 жылғы 15 қарашада өткен Бас конференциясының 30-сессиясында қабылданған қарармен бекітілді. ЮНЕСКО шешімінде айтылғандай, мерекені белгілеудегі мақсат – «поэтикалық өзін-өзі білдіру арқылы тілдік алуандықты қолдау және жойылып кету қаупі бар тілдерге естілу мүмкіндігін беру».

Ресми Поэзия күнін белгілеу туралы алғашқы бастама 1930-жылдардың соңында айтыла бастады. 1938 жылы АҚШ-тың Огайо штаты ақын Тесса Суизи Уэббтің бастамасымен 15 қазанды — ежелгі рим ақыны Вергилийдің туған күнін — Поэзия күні деп жариялады. 1951 жылға қарай бұл күн АҚШ-тың отыз сегіз штатында және Мексикада мойындалып, Ұлттық поэзия күні ретінде аталып өтті. Кейін бұл күн басқа елдерде де Әлемдік поэзия күні ретінде тойлана бастады.