• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:27

Мереке қарсаңында арнайы санаттағы тұрғындарға бір реттік көмек беріледі

20 рет
көрсетілді

Аталған қолдау шарасы Конституцияның 30 жылдығына орай Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен  «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес қабылданып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен мереке аясында мүгедектігі бар 8 323 балаға 5 АЕК (19660 теңге) мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. Ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 20 АЕК (786 40 теңге) мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек қарастырылады.

Төлемді алу үшін ешқайда өтініш берудің қажеті жоқ. Қаражат база арқылы мүгедектігі бар балалардың аналарының әлеуметтік есепшоттарына автоматты түрде аударылады. Ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған төлемдер оларды заңды қамқорлығына алған азаматтардың есепшоттарына түседі.

Осы тұста мамандар Шымкент қаласына қоныс аударған немесе уақытша тіркеуін басқа қалаға не өңірге ауыстырған тұрғындар егер мемлекеттік зейнетақы төлемдері базасындағы тіркеуі қала аумағында болмаса, жергілікті бюджеттен берілетін бір реттік төлемнен қағылатынын ескертеді. Сондықтан қалаға қоныс аударған 18 жасқа дейінгі ерекше күтімдегі баласы бар азаматтар мемлекеттік зейнетақы төлемдері Шымкентте тіркелгенін тексеріп алу қажет.

 Шымкент