Президенттің азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына тиімді атаулы қолдауды қамтамасыз ете отырып, тікелей бағаны реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту туралы тапсырмасын орындау үшін 2024 жылғы сәуірде бизнесті жүргізуді реттейтін еліміздің заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
«Осы өзгерістерге сәйкес біз әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тікелей реттеуден бас тартамыз және атаулы әлеуметтік көмекке көшеміз. Сауда үстемесінің 15%-ы бақылауды күшейту пайдасына әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағаларды енгізу тетігі алынып тасталады», деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Дайындық кезеңінде атаулы көмек тетігін тестілеуге бағытталған «Цифрлық азық-түлік ваучері» қанатқақты жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның шеңберінде алушыларға әлеуметтік маңызы бар тауарларды сауда үстемесінсіз сатып алу бағасымен сатып алуға мүмкіндік беретін азық-түлік ваучерлері ұсынылады, бұл көмекті мақсатты және әділ бөлуді қамтамасыз етеді.
«Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары ерекше бақылауда. Әрбір іс-шараны жүзеге асыру жоспарлы режимде жүріп жатыр, міндеттер сапалы және белгіленген мерзімде орындалатын болады», деп атап өтті сауда және интеграция министрі.
Сауда мен шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені Президенттің тапсырмаларын орындауға жүйелі және дәйекті көзқарасты көрсетеді.
Үкіметтік шаралар экономикалық өсу үшін тұрақты негіз құруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және еліміздің халықаралық сауда тізбектеріне интеграциялануына бағытталған.