• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 11:15

Халықаралық агенттік Қазақстанның кредиттік болашағын бағалады

40 рет
көрсетілді

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Қазақстанға қатысты болжамын «тұрақтыдан» «жайлыға» өзгертті. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Агенттік елдің несиелік рейтингін бұрынғыдай BBB-деңгейінде қалдырды. Бұл инвестициялық деңгейдің ең төменгі сатысы, яғни елдің қарызды өтеу қабілеті жаман емес, бірақ экономика нашарлаған жағдайда қиындық тууы мүмкін.

«Болжам ел экономикасын ырықтандыру мен әртараптандыруға, сонымен бірге мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және бюджет тапшылығын азайтуға бағытталған шаралардың оң динамикасын көрсетеді», деп түсіндіреді бас банк.

S&P сарапшыларының пікірінше, ақша-несие саясатының негізі нығайып келеді, Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін шаралар қабылдап жатыр, ал квазифискалдық шығындар қысқара бермек. Сондай-ақ банк секторының геосаяси және экономикалық тәуекелдерге төзімді екені, капитал қоры жеткілікті және өтімділігі жақсы екені айтылды. Бұдан бөлек, тұтынушылық несиелердің азаюы мүмкін деген болжам жасалды.

 «Ұлттық инфрақұрылым жоспарын одан әрі іске асыру экономикаға кезең-кезеңмен әртараптандыруға және шикізаттан тыс кірістердің өсуіне ықпал етеді. ЖІӨ өсімі 2025 жылы 5,5% деңгейінде болады деп күтілсе, 2026–2028 жылдары 4%-ға дейін баяулайды»,  деп көрсеткен халықаралық агенттік.