Атырау қаласында «Сергек» бақылау жүйесінің 2750 камерасы бар. Шаһардағы 100 мектеп аталған жүйенің камералары SOS дабыл түймесімен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жедел басқару орталығының аға инспекторы Нәзира Молдашеваның айтуынша, оқушылар төтенше жағдайға тап болса, дабыл түймесі арқылы полицияға хабар бере алады.
«Мұндай дабыл жүйесі оқыс жайттардың алдын алуға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Мектепте SOS түймесі басылған кезде біз дереу сол білім ошағына ювеналдық полиция қызметкерін, учаскелік полиция инспекторын, жақын маңдағы жол-патрульдік полиция қызметкерін жібереміз. Полицейлер дабылдың не себептен берілгенін анықтайды. Мектептерде «Сергек» жүйесінің 100 камерасы орнатылды», дейді Нәзира Молдашева.
Оның айтуына қарағанда, SOS дабыл түймесінің санын көбейту жоспарланып отыр.