• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:12

Оқушыларға арналған көлік картасын қалай рәсімдеуге болады

30 рет
көрсетілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп формасы мен құрал-жабдықтары секілді көлік картасын да алдын ала әзірлеу маңызды. Осы орайда Астаналық оқушылар үшін қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беретін картаны рәсімдеу жолдарын бөлісеміз, деп жазады Egemen.kz.

«City Transportation Systems» компаниясының мәліметінше, 18 жасқа дейінгі оқушылар автобуста тегін қатынау үшін  мектеп көлік картасын валидациялау немесе виртуалды тарифпен - «Avtobys» қосымшасымен QR-кодты сканерлеу қажет.

Мектеп көлік картасын рәсімдеу үшін Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассаға жүгінуге болады. 

Бұл қызметті онлайн да алуға болады: 

 Пластикалық мектеп көлік картасы (ақылы - 1200 теңге)

• Картаны шығару немесе қайта шығару өтінімін Transcard.kz сайтында онлайн беру.• Көлік картасы дайын болған кезде, кезексіз Орталық кассаның қабылдау бөлімінен алып кетуге болады.

 Виртуалды мектеп көлік картасы (тегін)• Transcard.kz сайтында онлайн рәсімделеді.• Тексеру мен модерациядан кейін «Avtobys» мобильді қосымшасында «Стандарт» мәртебесі «Оқушыға» өзгереді.• Жолақы қосымшамен QR-кодты сканерлеу арқылы расталады.

Айта кетейік, бірінші сынып оқушыларына мектеп көлік картасын рәсімдеу тек баланың деректері оқушылар дерекқорында пайда болғаннан кейін қолжетімді болады.