• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:28

Алматы әуежайында өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы ауыр

30 рет
көрсетілді

Алматы әуежайында ер адам жұбайымен жанжалдан кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға 25 тамыз күні Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстер терминалы – Т1-де болған. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

«Полиция қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің жедел әрекеттерінің арқасында өрт дер кезінде сөндірілді, ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда бұл іске қатысты тергеу жұмыстары құқық қорғау органдары тарапынан жүргізіліп жатыр. Аталған жағдай әуежай қызметіне қатысы жоқ және оның жұмыс тәртібіне әсер етпеді. Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», делінген хабарламада.

Полиция мен әуежайдың қауіпсіздік қызметі өртті дереу сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Ер адам қалалық ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша көлік полициясы басқармасы қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның мұндай әрекетке баруына азаматтық жұбайымен болған жеке жанжалы себеп болған.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, науқас жедел жәрдем бригадасымен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

«Жағдайы ауыр. Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр», делінген хабарламада.