• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Балалар Бүгін, 11:19

«Балақайлар мектебінде» 90 мыңға жуық бала дайындықтан өтті

30 рет
көрсетілді

Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында  ұйымдастырылған «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді бағдарламасы – үлгілік оқу бағдарламасының бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.

Аталған бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленген.

Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамованың айтуынша жазғы үш ай ішінде бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен 90 мыңға жуық бала қысқа мерзімді дайындықтан өтті. Оның ішінде қалаларда шамамен 60 мың, ауылдық жерлерде 30 мыңнан астам бала қамтылды.

«Оқыту барысында балалардың физикалық, коммуникативтік, интеллектуалдық, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектепке оң көзқарасын қалыптастыруға басымдық берілді», дейді М.Адамова.

Айталық бағдарлама 1 айға есептелінген. Білім беру процесін білікті бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық педагогтері жүргізді.