Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.
- Ертең мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады, - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Иордания Королінің ресми сапары кезінде Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.