Атырау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері акциздік маркасыз заңсыз айналымға шығарылған 19 779 темекі өнімін тәркіледі, деп жазады Egemen.kz.
Департаменттің басқарма басшысы Бекболат Әнесовтің айтуынша, аталған дерекке қатысты жинақталған іс материалдары сотқа жолданған. Ал дүкен сөрелеріндегі заңсыз темекі өнімі жойылған.
«Акциздік маркасыз өнімдерді өткізуге қатаң тыйым салынған. Ал заңсыз айналымдағы темекі өнімдері салық түсімінің азаюына ықпал етеді. Мұндай өнім халықтың денсаулығына да қауіп төндіреді», дейді Бекболат Әнесов.