• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Денсаулық 31 Тамыз, 2025

Меркі ауруханасындағы дау: «Қан аламыз» деп кішкентай баланың қолын сындырған

70 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, медбикелер қан алу барысында сәбидің қолын сындырып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анасының айтуынша, бала 4 тамызда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен. Бір апта бойы түрлі анализдер алып, дәрі тамызғанымен, жағдайы жақсармаған. Ал 11 тамыз күні сағат 16:00 шамасында екі медбике қан алу кезінде баланың қолын қатты қысып, нәтижесінде сүйегі шытынаған.

«Дені сау баланы ауру қылды. Алғашқыда өте көңілді, ойнақы болып келген ұлым қазір күле алмайды, ойыннан қалған», – дейді баланың анасы.

Бұл жағдайдан кейін әлеуметтік желіде үлкен резонанс туды. Пікір қалдырғандардың көбі меркілік дәрігерлерді кәсіби біліктілігі төмен, науқастарға жауапсыз қарайды деп сынға алды.