• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Тамыз, 2025

Қазақстанда 2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі

120 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштердің мөлшері мынадай болады:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;

Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге;

Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Сонымен қатар 2026 жылдан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалатын зейнетақы төлемдері 10%-ға өседі.

Мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын жарна көлемі есептеу объектісінің 2%-ы мөлшерінде белгіленбек.