• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Ең үлкен көпір

30 рет
көрсетілді

Қытайдың Хуацзян каньонында әлемдегі ең алып көпір салынып жатыр. Құрылыс қыркүйек айының соңында аяқталады деп жоспарланған.

Бұл жоба бір емес, бірнеше рекорд орнатып отыр. Көпірдің ұзындығы – 2 890 метр, салмағы – 22 мың тонна. Оның басты ерекшелігі – 625 метрлік терең каньонды жалғап тұруы. Яғни ол әлемдегі ең биік әрі ең алып көпір мәртебесін иеленбек. Құрылысшыларға мұндай ауқымды нысанды тұрғызу үшін тауларды тіліп, аса күрделі инженерлік шешімдер қабылдау­ға тура келген. Көпір тек жол қатынасына ғана емес, аймақтың экономикалық да­муына серпін бермек. Жоба іске қосылған соң көліктер бұрын бірнеше сағатта жүрген жолды небәрі бірнеше минутта жүріп өтетін болады.