• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қыркүйек, 2025

Қостанайда ер адам аулада тұрған автомобильді айдап кетіп, жолда үш көлікке соғылған

240 рет
көрсетілді

Қостанайда бөтеннің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды. Өкініштісі, ол ұрланған көлікпен жолда кетіп бара жатып, өзге үш көлікпен соқтығысқан, деп хабарлады Egemen.kz.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аулалардың бірінде есігі жабылмаған және кілті ішінде тұрған ВАЗ 21099 автокөлігін ұрлап әкеткен.

«Көлікті айдап кеткен адам рөлге ие бола алмай, үш машинамен – BMW, Toyota Alphard және Fiat көліктерімен соқтығысты. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция жасағына күдіктіні іздеу туралы жедел тапсырма берілді.

Көлікті тексеру барысында одан саусақ іздері табылды. Деректер базасы арқылы көлікті айдап әкетуге қатысы бар тұлғаның жеке басы анықталды. Ол – Қостанай қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда көлік құралын заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Сонымен қатар, жол апатының мән-жайына құқықтық баға берілетіні және зардап шеккен көлік иелеріне келтірілген материалдық шығынды өтеу мәселесі қарастырылатыны айтылды.