• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Басылым Бүгін, 08:00

Оралда «Қадыр» журналы шығады

20 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында «Қадыр» атты жаңа ғылыми-қоғамдық журнал жарық көрмек. Тоқсан сайын кемінде бір саны жарық көретін жаңа басылым Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп, № KZ 90VPY00128389 куәлік алған.

«Нағыз ақын Қадыр Мырза Әлі жөнінде мың мақтаннан – бір құрмет артық. Сондай ілтипат-ізеттің бірі – ақын атымен журнал шығару. Біраздан бері әлеуметтің ойында жүрген, зиялы қауым жүрген жерде әр кез қозғалып келе жатқан түйткілді мәселе еді, маңызды мағынаға айналып кемеліне келгені осы болыпты», дейді Оралдағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының басшысы Дәулеткерей Құсайынов.

Журналдың тұңғыш саны қыркүйек айында шығады. Басылымның қағаз нұсқасы қолына тимей қалған көпшілік оқырман арнайы сілтеме арқылы журналдың электронды нұсқасымен таныса алады.

Жаңа басылымға сәттілік тілейміз!

 

Батыс Қазақстан облысы