• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 06 Қыркүйек, 2025

Мұқабасы мазмұнына сай

80 рет
көрсетілді

Кейде кітаптың мазмұны оның мұқабасынан көрініс тауып жатады. Мәселен, өрт туралы жазылған шығармаларды баспагерлер отқа төзімді етіп шығарып, ерекше символикалық шешімге барған.

Рэй Брэдберидің «Фаренгейт бойынша 451 градус» романы – кітаптарды өртеу жайлы антиутопия. 1953 жылы «Ballantine Books» баспасы осы туындының 200 данасын асбест қаптамамен шығарды. Өйткені романның өзегі – отқа өртенген кітаптар еді. Сол секілді Стивен Кингтің «Жалын көз» шығармасы да өртке байланысты. Оның да арнайы аз ғана бөлігі асбестпен қапталып басылды. Бұл – көркемдік ой мен маркетингті ұштастырған ғажап тәсіл.