Ливирпульде бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін ел құрамасы сапынан 7 былғары қолғап шебері келесі айналымға өту үшін күш салады, деп жазады Egemen.kz.
16:00-де басталатын күндізгі сессияда 80 келіде Гүлсая Ержан Ивета Лесинскитемен жұдырықтасады. 70 келіде Төрехан Сабырхан біріншіліктегі екінші кездесуін Фин Роберт Босқа қарсы өткізеді. 90 келіде Сағындық Тоғамбай Джэк Майкл Марлейден айласын асыруға тырысады. 22:00 -де басталатын кешкі сессияда 4 бірлей отандасымыз ел намысын қорғайды. 65 келіде Аида Әбікеева Сукюнг Кангпен қолғап түйістірсе, 60 келіде Бейбарыс Жексен Сачин Сачинмен кездеседі. 75 келіде Сабыржан Аққалықов украиналық Павло Илюшаға қарсы рингке көтеріледі. +90 келіде Айбек Оралбай Муджахит Ильясты қапы қалдыруға барын салады.
Жаһандық жарысты Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетеді.