Біз көбіне Жердің «өкпесі» деп ормандарды атаймыз. Алайда ғылым деректері басқа ақиқатты көрсетіп отыр. Ғаламдық атмосферадағы оттегінің 50–80 пайызы орманнан емес, теңіз түбінде тіршілік ететін микроорганизмдер мен балдырлардан өндіріледі.
Кішкентай ағзалар фотосинтез арқылы күн сәулесін сіңіріп, бүкіл тіршілік үшін ең маңызды элемент – оттегіні бөліп шығарады. Демек, әр тыныстаған сайын ормандарға ғана емес, сонау мұхит түбіндегі көрінбейтін жаратылыстарға да қарыздармыз. Ғалымдар атап өткендей, теңіздегі фитопланктон, балдырлар мен кейбір бактериялар – атмосфералық тепе-теңдіктің басты сақшылары.