Ғалымдардың зерттеуінше, әйелдер ер адамдарға қарағанда күніне екі есе көп жымияды екен. Орта есеппен әйелдер бір күнде 60–70 рет, ерлер небәрі 30–35 рет жадырайды.
Психологтер мұны биологиялық та, әлеуметтік те ерекшеліктермен байланыстырады. Біріншіден, әйел ағзасындағы гормондар эмоцияны еркін білдіруге бейім етеді. Сондықтан олардың күлкісі мен жымиысы табиғи түрде жиі көрініс табады. Екіншіден, қоғамдағы рөл де әсер етеді. Әдетте әйелдер отбасында да, қызметте де эмоционалдық байланыс орнатуға көбірек ұмтылады. Жымию – сенім тудыратын, қарым-қатынасты жеңілдететін әмбебап белгі. Қызығы, жымиюдың өзі адам денсаулығына да пайдалы екен. Жымиған кезде ағзада «қуаныш гормондары» саналатын эндорфин мен серотонин бөлінеді.