• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:20

Бүгін елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

30 рет
көрсетілді

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын циклон мен соған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайды – найзағай соғып жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Елдің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың көптеген өңірінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, ал батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.

«Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының батысында, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында, Қостанай облысының шығысында, Ұлытау облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады», деп хабарлады синоптиктер.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.