• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:54

Қостанай облысының түрмелерінде 67 жұп некесін қиды

20 рет
көрсетілді

Қостанай өңіріндегі қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бері 67 неке тіркелген. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың отбасын құру және әлеуметтік байланыстарды сақтау құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бергі некеге тұру рәсімдерінің бәрі заңда белгіленген тәртіппен АХАЖ органдары қызметкерлерінің қатысуымен және түзеу мекемесі әкімшілігінің көмегімен өткен.

ҚАЖ Департаменті өкілдерінің айтуынша, некеге тұру құқығын іске асыру сотталғандардың келешегіне оң ықпал етеді. Олардың жаза мерзімін өтеп шыққаннан кейін, өмірге тез бейімделуіне, еңбекке араласуына, отбасы жылуын сезініп, ата-ана жауапкершілігін мойнына артуына тірек болады.  Сондай-ақ, олардың жеке жауапкершілігін қалыптастырып, жаза өтеу орындарындағы жанжалдар мен құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетеді.

«Бізде мұндай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Мекеме әкімшілігі некені тіркеуге дайындалуға және ұйымдастыруға көмектеседі. Мұндай тәжірибе адамды қайта тәрбиелеу, түзеу үдерісіне оң әсер етеді және сотталғандардың жазасын өтегеннен кейін қоғамда толыққанды өмірге оралуына жағдай жасайды», деп мәлімдеді облыстық ҚАЖД-ның баспасөз қызметі.

Қостанай облысы