• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кәсіпкер Бүгін, 11:30

Енді жеке кәсіпкерлікті онлайн жабуға болады

eGov Business мобильді қосымшасында «Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату» атты жаңа мемлекеттік қызмет қолжетімді болды. Енді кәсіпкерлер ЖК жабу рәсімін мемлекеттік органдарға бармай-ақ, толықтай онлайн форматта рәсімдей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа сервис жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын азаматтарға арналған. Қызмет өтініш беру процесін толық цифрландырып, мемлекеттік кірістер органдарына жеке жүгіну қажеттілігін жойды. Пайдаланушылар өтінім беру кезеңдерін қосымша арқылы өтіп, оның қаралу мәртебесін онлайн бақылай алады.

Шілдеден бастап кәсіпкерлерге шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін

Қызметті пайдалану үшін қолданушы eGov Business қосымшасына кіріп, «Бизнесті тіркеу және тоқтату» бөлімі арқылы «Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату» сервисін таңдауы қажет. Одан кейін салық өтінішінің санаты белгіленіп, мемлекеттік кірістер органының коды таңдалады. Сондай-ақ деректерді өңдеуге келісім беріп, өтінімді Face ID, Touch ID немесе код арқылы растау керек.

Өтінім қаралғаннан кейін нәтиже қосымшада көрсетіледі. Егер рәсім сәтті аяқталса, жүйеде ЖК қызметінің ресми түрде тоқтатылғанын білдіретін «Өңделді» мәртебесі шығады.

Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ басқарма төрағасы Дәулет Бекманов қазір қосымшада шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қызметтердің ауқымы кеңейіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бизнестің тіркелуден бастап жабылуына дейінгі негізгі кезеңдері толық цифрлық форматқа көшірілген.

Енді жеке кәсіпкерлік атауын онлайн ауыстыруға болады

Айта кетейік, eGov.kz порталында бұған дейін де кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға қатысты бірнеше цифрлық сервис іске қосылған. Соның бірі – 2017 жылдан бері қолжетімді «Заңды тұлғаларды тарату» қызметі. Осы уақытқа дейін бұл сервис 35 мыңнан астам рет пайдаланылған.

Жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ және  Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бірлесіп жүзеге асырған.

Соңғы жаңалықтар