Елімізде жылан тәрізді роботтар мен дрондар электр-жылу желілерін диагностикалау үшін қолданылмақ, деп жазады Egemen.kz.
Жоғарыда аталған игілік туралы хабарлаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мунның сөзіне қарағанда, дрондар электр жеткізу желілері үстінен ұшып өтіп, диагностикалау ісіне қатысты еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді, ал болашақта олар автономды түрде жұмыс істейді.
Ал жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллект қолданылатын роботтар пайдаланылады.
«Жыланға ұқсайтын құрылғы құбыр бойымен жылжып, 3D-модель жасайды және қай жерде ақау, тот, бітелу барын анықтайды», – дейді вице-министр.