• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 16:42

449 талапкер «Қазақстан халқына» қорының білім гранты иегері атанды

30 рет
көрсетілді

Қазақстандық жастардың бір бөлігі биыл «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен тегін білім алу құқығына ие болды. Қордың «Білім беру гранттары» бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылына арналған гранттар бөлініп, қаржыландыру көлемі Қамқоршылық кеңестің 2025 жылғы 24 шілдеде өткен №24 шешімімен бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жылы гранттар 72 жоғары және орта білімнен кейінгі оқу орнында қарастырылған. Оның ішінде 70 оқу орнынан конкурс комиссияларының хаттамалары мен талапкерлердің құжаттары ұсынылса, екі оқу орнында бағдарлама талаптарына сай үміткер табылмаған.

Қорытындысында 449 талапкер грант иегері атанып, келесі санаттар бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болды:

2022 жылғы қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың балалары – 1 адам; Жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар – 135 адам; Мүгедектігі бар жастар – 86 адам; Әлеуметтік жағдайы төмен ауылдық жерлер мен шағын қалалардан шыққан талапкерлер – 65 адам; Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан жастар – 162 адам.

Айта кетейік, бағдарлама іске қосылғалы үш жылдың ішінде 93 оқу орнынан 3 859 студент білім грантын иеленген. Биылғы көрсеткішпен бірге қордың қолдауымен жоғары білім алу мүмкіндігіне қол жеткізген жастардың жалпы саны 4 308 адамға жеткен.