• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жарылыстан үш адам қаза тапты

90 рет
көрсетілді

Алматы облысының Іле ауданында металл қабылдау бекеттерінің бірінде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Облыстық полицияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазір қылмыстық іс қозғалды. Белгісіз заттың жарылуы салдарынан үш адам қаза тапты.

«Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметі: полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі жетті. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Барлық тергеу әрекеттері заңға сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.