• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология Бүгін, 20:50

Атырауда 8 айда табиғатты ластағандарға 2,360 триллион теңге айыппұлы салынған

160 рет
көрсетілді

Атырау экологтері 8 айда қоршаған орта тазалығының сақталуына 21 тексеру жүргізді. Оның ішінде жоспардан тыс 13 тексеру бар, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық экология департаментінің мамандары аталған кезеңде 7 рет профилактикалық бақылау жасады. Сондай-ақ экологиялық талаптарға сәйкестікпен байланысты 1 тексеруді қолға алды.

«Тексеру мен бақылаудың нәтижесімен эологиялық заңнама талаптары 52 рет бұзылғаны анықталды. Заң бұзушылықтарды жою туралы 19 нұсқау берілді. Ал анықталған бұзушылықтар бойынша 121 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 2,360 триллион теңге айыппұл салынды. Оның ішінде 102 іс бойынша шамамен 1 миллиард теңге өндірілді. Айыппұлдың қалған сомасы өндіріп алу сатысында тұр», деп хабардар етті департаменттің баспасөз қызметі.