Алматы облысында оқушылар мінген автобус жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында, ал оның жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Accent жүргізушісі кері бұрылу кезінде жол бермей, автобуспен соқтығысқан» делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.