• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:37

Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін

50 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысының тұрғыны домбыра мен өзге де ішекті аспаптарды «харам» деп атап, оның бұл әрекеті қоғамда қызу талқыланды. Оқиғадан кейін полиция діни алауыздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.

Таратылған видеода Азат Қоңғыз есімді азамат домбыра, гитара, балалайка және басқа да ішекті музыкалық аспаптарды ислам тұрғысынан тыйым салынған деп мәлімдеген. Ол өз сөзінде бұл пікірді дін ғалымдары мен имамдарға сілтеп жеткізген.

«Бұл туралы муфтилер, ханафи мәзһабының ғалымдары, факихтер мен имамдар айтқан. Тіпті оны бір сәт тыңдаудың өзі күнә саналады», деген ол видеода.

Аталған жазба әлеуметтік желіде кең таралып, қоғамда қызу талқылау туғызды. Себебі домбыра – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің маңызды символы.

Енді домбыраны ұшақ салонына алып кіруге болады

Осы жағдайдан кейін Ақтөбе облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы азаматты анықтап, ұстаған. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады полиция.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан заңнамасында діни алауыздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, бұл бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін.

Домбыра харам ба, қандай әнге шариғат тыйым салған - Мүфтият жауабы

Соңғы жаңалықтар