• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:25

«Mangitas»

20 рет
көрсетілді

Отандық ғалымдар қауіпсіз жасанды интеллект серверін жасап шықты.

Назарбаев университеті жанындағы Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының зерттеушілері «Mangitas» атты жоғары өнімділікке ие инференс-серверін жасады. Бұл құрыл­ғының басты ерекшелігі – жасанды интеллект жүйелерін толықтай жергілік­ті деңгей­де қолдануға мүмкіндік беруін­де. Яғни «Mangitas» арқылы мектеп­терде, мемлекеттік мекемелерде, басқа да маңызды салаларда деректерді өңдеу ­бұлт­тық сервистер­ге тәуелсіз жүргізіледі. Бұл бір жағы­нан деректердің құпиялылығын сақ­тап, қауіпсіздігін күшейтсе, екінші жағы­нан интернетке тәуелділікті азайтады.