• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 10:35

Жамбыл облысында төбелес кезінде 10-сынып оқушысы қаза тапты

40 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында футбол матчынан кейін жоғарғы сынып оқушылары бір баланы соққыға жыққан. Ол алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

12 қыркүйекте Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында қайғылы оқиға болды. Футбол ойнап жүрген 10-сынып пен 11-сынып оқушылары арасында жанжал туындаған: кіші сынып оқушылары жеңіске жетіп, бұл жағдай үлкендердің бірінің ашуына тиген.

Салдарынан 11-сынып оқушыларының бірі 10-сынып оқушысын ұрып-соққан. Оқиға орнына келген дәрігерлер жасөспірімнің алған жарақаттарынан қаза тапқанын растады. Қалған қатысушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Оқиғаны тергеу үшін Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция 17 және 16 жастағы екі жасөспірімді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

– Қазіргі уақытта істі толық, объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шара жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді, – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.