• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтер жыл соңына дейін өспейді

450 рет
көрсетілді

Қазақстанда инфляцияны жыл соңына дейін 10–11 пайыз деңгейінде ұстап тұруға бағытталған шаралар қабылдануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

 

Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне жол берілмейді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге ерекше назар аударылып отыр. Олар үшін басқа заңды тұлғалармен салыстырғанда жеңілдікті шарттарды көздейтін ұстамды тарифтік саясат қолданылады.